Тарихи анықтама
Орталық аурухананың қалыптасуы мен дамуы 1932 жылдан бастау алған, сол кездегі медицина қызметкерлерінің күшімен Қалалық ескі алаңда
69-шы нөмірлі үйде 10 төсек орнатылды, дәл осы жер кейін Балқаш қаласы дамыды. Тарихта алғашқы медицина қызметкерлерінің аты мөр боп басылды – алғашқы дәрігерлер, ерлі-зайыптылар Строгановтар, бірінші медбике Ф.Н.Рябоконева, санитарлар Ахметов пен Тұрсынованың есімдері мәңгі есімде. Дәрігерлер мен медбикелердің назары мыс балқыту зауыты мен қала құрылысшыларына медициналық көмек көрсетуде болды. 1934 жылдың соңында 35 төсегі бар аурухананың бірінші корпусы жұмысын бастады.
2 жылдан кейін - 100 төсегі бар аурухананың екінші корпусы жұмысын бастады. Осылайша Балқаш қаласының орталық ауруханасы құрылды.
1953 жыл, 24 шілде-Қарағанды облыстық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі З.Төлегеновтың ақпаратынан: "Жаңадан ұйымдастырылған Денсаулық сақтау мекемесі туралы: атауы - Қалалық біріккен аурухана, төсек саны - 300. Негізгі құрылымдық бөліктері: терапевтік, хирургиялық, акушерлік, гинекологиялық, стационары бар инфекциялық бөлімшелер. Мекен-жайы-Балқаш қаласы, Аурухана қалашығы. Мекеменің ашылу күні-1953 жылдың 4 тоқсаны. Бас дәрігер болып Левон Карапетович Аматуни тағайындалды".
1991 жыл - қалалық біріккен аурухана 6 қабатты ғимаратқа көшті. Жаңа ғимаратта терапевтік, хирургиялық және реанимациялық бөлімшелер біріктірілді. Мұнда неврологиялық және урологиялық бөлімшелер, операциялық блок және қабылдау бөлімі ауыстырылды.
1997 жыл - қалалық денсаулық сақтау мекемелерін оңтайландыру мақсатында аурухананың құрамына перзентхана мен тері-венерологиялық диспансер қосылды.
1999 жыл - аурухана құрамында-жедел медициналық жәрдем станциясы енді.
2012 жыл - Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысымен балалар ауруханасы "Балқаш қаласының орталық ауруханасы" КМК құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып қайта құрылды. Біріккен аурухананың құрамында бүгінгі күні 17 бөлімше бар. Бұл - заманауи жабдықтармен жабдықталған және шұғыл/жоспарлы түрде медициналық көмек көрсететін көпсалалы клиникалық орталық. Мұнда сауатты және кәсіби білікті мамандар жұмыс істейді, олардың басты міндеті медициналық көмек көрсетудің уақтылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз ету.