ҚҰРМЕТТІ ҚОНАҚТАР
"Балқаш қаласының көпсалалы ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының сайтына қош келдіңіз!
Мұнда сіз аурухананың тарихы, күнделікті жұмысы, қызметкерлердің міндеті мен халық денсаулығын сақтаудағы іс-әрекеттері жайлы ақпарат аласыз.
Көпсалалы аурухана - Балқаш қаласының бас медициналық мекемесі, бұнда әдістемелік орталық және стационар жағдайында мамандандырылған қызметтер көрсету орталығы орналасқан.
Біздің аурухана – өңірдегі ең ірі мекеме, ауруханада 350 төсек-орынға арналған жиырмадан астам бөлімшеден тұратын стационар бар. Көпсалалы аурухананың құрамына алты бөлімше мен күндізгі стационары бар емхана кіреді.
Біз Қарағанды облысының солтүстік Балқаш өңірінің жүз сексен мыңнан астам тұрғынына алғашқы медициналық-санитарлық, мамандандырылған және шұғыл көмек көрсетеміз. Сондай-ақ, Алматы-Екатеринбург халықаралық автомагистралінде өңір қонақтарына және транзиттік жолаушыларға шұғыл көмек көрсетеміз.
Миссия:
Заманауи технологияларды қолдана отырып, білікті мамандардың пациенттерге сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсетуі, жоғары технологиялық медициналық қызметтерді дамыту.
Тапсырмалар:
Халыққа мамандандырылған кәсіби медициналық көмек көрсету;
Жоғары технологиялық қызметтерді дамыту;
Пациенттер үшін қолайлы жағдай жасау;
Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
Кадрлық әлеуетті үздіксіз дамыту;
Таңдау мүмкіндігі бар әрбір адам үшін медициналық қызметтерді қолжетімді ету;
Ақпараттық-техникалық қамтуды арттыру.
Құндылықтар / этикалық принциптер:
Мұқтаж жандарға медициналық көмек көрсету;
Адал және сапалы медициналық көмек көрсету;
Моральдық-этикалық нормаларды сақтау;
Корпоративтік рух және қызметкерлердің жоғары кәсібилігі;
Науқастың мүддесі үшін шешім қабылдау;
Құпиялылықты сақтау;
Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын нығайту.