10022023

ЖДО белсенді ақпараттық жұмыс жүргізуде

Осы аптада Жастар денсаулық орталығының қызметкерлері Балқаш қаласының медицина колледжінің студенттеріне темекі шегу және онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық сабақ өткізді.
Ақпараттық іс-шара несімен пайдалы болды? Оқушылар жеке сұрақтарына жауап алды.
Интернет-ресурстарда да көптеген ақпарат бар, бірақ мамандардың өзінен мазалап жүрген сұраққа жауап алу әлдеқайда тиімді.
Аталған іс-шараға жетекші Қадырбекова Меруерт Бейбутовна, ЖДО дәрігер-педиатры Ключников Сергей Владимирович, психолог Татьяна Владимировна Ледовская қатысты. Біздің мамандар тақырыпты кеңінен тарқатып, қойылған сұрақтарға толық жауап беруге тырысты.