molrescentrБалқаш қаласының Жастар ресурстық орталығы жыныстық қол сұғылмаушылық тақырыбына арналған іс-шаралар циклі шеңберінде Балқаш қаласының Орталық ауруханасы жанындағы "Ғибрат" жастар денсаулық орталығының атынан профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің меңгерушісі В.А. Омаровты шақырды.
Балалармен кездесу барысында ЖДО қызметкерлері мәжбүрлі жыныстық қатынасты болдырмау, әлеуметтік желілерде бейтаныс адамдармен хат алмасуға мұқият болу, қоғамдық орындарда бөтен күдікті адамдармен сөйлесуден аулақ болу туралы айтты, өйткені бұның зардаптары ауыр болуы мүмкін. Әрі қазіргі кезде жасөспірімдер арасында да түрлі араңдатушылықтар жиі кездеседі, заң бұзылған жағдайда қандай әрекеттер жасалу керектігі айтылды. Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті.
Бұл тақырыптың соңғы уақытта өзектілігі артты. Қандай жағдайларда бұндай ситуациялар орын алуы мүмкін, не себептен, мұндай жағдайда не істеген жөн, және басқа да көптеген мәселелер қатысушылар тарапынан талқыланды. Барлығы қоғамды қауіпсіз ету не қажет деген мәселеге өз ойларымен бөлісті. Айтылған дүниелер өз жемісін береді деп үміттенеміз.