Ақпараттық жұмыс жіті назарда


Балқаш қаласының орталық ауруханасы жанындағы "Ғибрат" жастар денсаулық орталығының қызметкерлері әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу бойынша, оның ішінде жасөспірімдердің аутодиструктивті мінез-құлқы бойынша белсенді ақпараттық жұмыс жүргізіп, Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес балаларды вакцинациялау бойынша ата-аналармен түсіндірме өткізуде. Өткен аптада ЖДО мамандары «Қазақмыс политехникалық колледжінің» студенттерімен кездесті, онда кездесудің негізгі тақырыбы "жасөспірімдердің аутодиструктивті мінез-құлқы, оның медициналық салдары" болды. Іс-шара сұрақ-жауап форматында өтті, спикерлер тыңдаушылардың сұрақтарына қуана жауап берді.

Осы аптада ЖДО мамандары Балқаш қаласындағы №25 орта мектеп оқушыларының ата-аналарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, олармен "профилактикалық вакцинациядан бас тартудың медициналық салдары", "балаға темекі шегу, алкоголь және есірткінің зиянды әсері", "әртүрлі жас топтарындағы балалардың психологиялық аспектілері мен проблемалары" тақырыптары белсенді талқыланды. ​ Іс-шара қызықты өтті және ата-аналар көптен бері мазалап жүрген сұрақтарға жауап алды. ​ Мамандар мұндай кездесулер ата-аналардың балаларының денсаулығы туралы хабардарлығын арттырады деп белгілейді.

a1

a2

a3