Балқаш қаласының Орталық ауруханасының дәрігерлері 4 қабаттан құлаған баланы құтқарды


m1

Балқашта бала москит торын итеріп, 4 қабаттағы пәтерден құлады. Бала орталық аурухананың травматикалық пунктіне жеткізілді, онда баланы кезекші хирург қарап, кейін жедел түрде операциялық блокқа жеткізілді.​ Бала көптеген жарақаттармен, мидың шайқалуы, оң жақ, сол жақ париетальды сүйектердің, оң жақтағы желке сүйегінің сынуымен, желке аймағының жарасы, іш травмасымен түсті. Травматолог-дәрігер Нуртазин Мақсат Махметович, анестезиолог-дәрігер Рәшит Рысбек Анафияұлы, ассистент Сультимов Зориг Болотович қызметкерлерінің ортақ еңбегімен операция асқынусыз өтті. Бала реанимация бөлімінде болды, онда ол толығымен реаниматолог Мухтар Ерболат Абдуллаұлының, орта және кіші медициналық персоналдың бақылауында болды. Реанимация бөлімшесі қызметкерлерінің күш-жігерінің арқасында жас пациенттің жағдайы жақсарып, үйіне шықты.

Дәрігерлер ата-аналарды балаларына мұқият қарауға, оларды қараусыз қалдырмауға, москит торларына абай болуды ескертеді, москит торлар еш уақытта баланы құлаудан қорғамайды, балалы үйлер терезелерге темір тор орнату қажет. Себебі балалардың қауіпсіздігі - ата-ананың басты міндеті.