Балқаш қаласының Орталық ауруханасы мен №1 Емханасы қызметкерлері жалпы қалалық сенбілікке қатысты. Қызметкерлер белгіленген аймақты пластик, пакеттер, темекі, тамақ қалдықтарынан тазартты. Әріптестеріміз жұмысқа жақсы көңіл-күймен бірден кірісті. Жұмысқа арналған күректер, шелектер, жұмыс қолғаптары, тырма сияқты барлық инвентарь толық берілді.
Олар қала аумағын, сондай-ақ Орталық аурухана мен Емхананың айналасын тазартты. «Мұндай акциялар қала үшін де, тұрғындардың денсаулығы үшін де пайдалы» деп әріптестеріміз пікірлерімен бөлісті.

s1

s2

s3

s4

s5

s6

s7

s8