Балқаш қаласының Көпсалалы ауруханасында жаңа хирургиялық лазерлік жабдық пайда болды

ҚР Қарулы Күштері күні мен Жеңіс күні қарсаңында биылғы жылы "100 игі іс" акциясы аясында жүз жылдығын атап өтетін Халық банкінің Балқаш өңірлік филиалы Балқаш қаласының көпсалалы ауруханасына құны 9,369 млн теңгені құрайтын хирургиялық лазерлік жабдық табыстады. Құрылғы проктология, гинекология, тамыр хирургиясы саласында қолдануға арналған. Сыйлықты тапсыру салтанаты Халық банкі филиалының директоры А. А. Алюкова, қала әкімінің орынбасары Р. К. Сыздықов, қаржы директоры Г. К. Асылбекованың және аурухана хирургтарының қатысуымен өтті. »Хирургиялық жабдық өңір тұрғындарына сапалы, заманауи және уақтылы медициналық көмек алуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - деп атап өтті аурухананың медицина қызметкерлері.