Мереке қарсаңында Балқаш қаласының көпсалалы ауруханасында егіз нәресте дүниеге келді

Мамыр айы осындай керемет жаңалықпен бастау алды. Көпсалалы аурухананың перзентханасында егіздер, салмағы 3400 және 3000 гр қыз балалар дүниеге келді. Сәбилер 37-ші аптада кесарь тілігі арқылы туды. Босану процесінде дәрігерлер бригадасы, операция жасайтын акушер-гинекологтар Досқараева Л. А., Шакен Б., анестезиолог Аманкоскызы И., неонатолог-дәрігер Шабетов Е. Р., анестезист Орынбаева З.Д. топ болып жұмыла жұмыс жасады. Операция сәтті өтті. Анасы мен сәбилер үйге шығарылды.

d1

d2

d3