Жаман әдеттер және олардың салдары

Халықаралық Отбасы күні аясында біздің емхананың жастар денсаулық орталығының мамандары қаланың оқу орындарының оқушыларымен және олардың ата-аналарымен кезекті іс-шаралар өткізді. Кездесуге №9 жалпы
білім беретін орта мектептің оқушылары мен Қазақмыс колледжі студенттерінің ата-аналары қатысты. Талқылауға “Жаман әдеттер және олардың салдары" тақырыбы таңдалды. Ата-аналармен әңгімеде басты назар балаларды жаман әдеттерден қалай қорғау керектігіне қойылды. Оқушыларға алкоголь, есірткі және темекі шегудің салдары туралы біраз ой тасталды, ауқымды ақпарат берілді. Сөз сөйленген соң мамандар аудиторияның қойған сұрақтарына жауап берді.

17 117 217 317 4