6

Балқаш қаласы Көпсалалы ауруханасының дәрігерлері термиялық күйікпен түскен пациентті құтқарды

Күйік себебі - газ баллонының жарылуы. Пациент ауруханаға аса ауыр жағдайда түсті. Дене бөлігінің 80 % зардап шеккен : бас терісі, бет, мойын, кеуде қуысының күйіктері. 8 күн бойы азаматша реанимацияда дәрігерлер Мақсат Б.М., Мухтар Е. А. бақылауында болды, ал травматология бөлімінде травматолог-дәрігерлер Нуртазин М.М. және Пинаев Д. В. емдеу процесін жүргізді. Күйікпен түскен науқастардың емі өте қиын, бірақ Балқаш қаласы Орталық ауруханасының дәрігерлері ауыр науқастың өмірін араша алып қалып, емін дұрыс жүргізді. Қазіргі таңда пациент үйге шығарылды.